Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 23 жасар қыз бір топ студентті "тақырға" отырғызып кеткен

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2019 23:15 Zakon.kz
Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды.

Алматыда 23 жасар қыз өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырып, бірқатар алаяқтық қылмыс жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырған 23 жастағы бойжеткен білім беру саласында алаяқтықпен айналысқан.

- Білім беру саласында алаяқтық жасағаны үшін 1996 жылғы Түркістан облысының тумасы ұсталды. Ол "медуниверситеттің студентімін, грант алып бере аламын, ол арада жақсы таныстарым бар" деп мектеп бітірушілер мен басқа оқу орындарының студенттерін алдаған. Қыз құрбандарымен тікелей байланысқа шықпаған, үнемі достарын пайдаланып, байланыс орнатқан. Заңсыз қызметі үшін ол әр адамнан 250-300 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Біздің бөлімнің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шегіп, оны танып жатқандар болса, мына телефонға хабарласуларын сұраймыз: 298-53-02 немесе 8-701-255-22-66, - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2019 23:15

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: