Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал әзілкеш Ринат Зайытовқа ақыл айтты: Бәрібір істетпейді...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 19:32 видеодан алынды
Ринат саясатқа келгенмен, саясаткерлер оны оңайшылықпен қабылдай қоя ма? Өйткені олар анау жақтан біте-қайнасып келе жатқан адамдар ғой.

Актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей елімізде өтіп кеткен сайлауда Қосановтың жақтасы болған айтыскер ақын Ринат Зайытов туралы ойын айтты. Ол оны партия құра алмайды деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" авторлық бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

- Ринатқа сол сайлауға араласып керегі жоқ еді. Өйткені халық оны айтыскер ақын ретінде сыйлап, жақсы көреді. Ол халықтың мұң-мұқтажын өнерімен жеткізсе, сол әлдеқайда тиімді болар еді. Партия ашамын дейді. Оны бәрібір оған істетпейді. Мысалы, Жүрсін ағаға бір дәрігер келіп, ақын боламын десе, ол кісі оны ортаға қабыл алса, бәрібір ақындар оны бірден іш тарта қоймайды ғой. Шеттетіп, менсінбейді. Сол секілді Ринат саясатқа келгенмен, саясаткерлер оны оңайшылықпен қабылдай қоя ма? Өйткені олар анау жақтан біте-қайнасып келе жатқан адамдар ғой.

Мысалы, Ринат айтыскерлердің, ақындардың арасында "мафиозник" болып, үстемдік жүргізе алады. Сол жерде қор, топ құра алады. Ал ана жақта өйте алмайды, істетпейді оған. Ринат сол сайлауалды науқанда керемет болып тұрды, ертеңінде Қосанов "құлап" еді, ол да жаман атты болып шыға келді. Оған шыдамай көшеге шығып, "партия құрамын" деп еді, қолын қайырып алып кетті. Сондықтан халыққа қандай көзбен көріндің басында, солай қала берген дұрыс деп ойлаймын. Мен мұны жанашырлық тұрғысынан айтып тұрмын, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: