Жаңалықтар тізбегі
0

LRT жобасы бойынша қозғалған іс: Шығын көлемі миллиардтан асып кеткен

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 18:42 Сурет: zakon.kz
Бүгінгі таңда бұл іс бойынша алты күдікті, оның ішінде әкімдіктің төрт қызметкері жауапқа тартылуда. Бұлар - жоғары лауазымды тұлғалар, әкімдіктің бұрынғы жауапты қызметкерлері.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екінші департаментінің бастығы Сергей Перов LRT құрылысына қатысты тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тергеу жүріп жатқанын, бірқатар сараптамалық зерттеулер аяқталуға жақын екенін айтты.

- Келтірілген шығын көлемі бірнеше есе өсіп, миллиардтан астам теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша алты күдікті, оның ішінде әкімдіктің төрт қызметкері жауапқа тартылуда. Бұлар - жоғары лауазымды тұлғалар, әкімдіктің бұрынғы жауапты қызметкерлері. Мен нақты ақпаратты айта алмаймын, себебі тергеу жүріп жатыр. Тергеу жалғасуда, оның нәтижелері бойынша біз арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз, - деді Перов.

Ол экономикалық және құрылыс жұмыстары бойынша сараптама мен зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

- Біз орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін тексеріп, сәйкесінше шығын мөлшерін есептейміз. Сараптамаларды сот сарапшылары, осы салада жұмыс істейтін жеке компаниялар, сондай-ақ ұлттық банктің мамандары жүргізеді. Біз барлық сараптамалар мен зерттеуді бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Оның айтуынша, қашып кеткен күдікті Арданға халықаралық іздеу жарияланған. Оны интерпол іздеп жатыр.

"Біз оның қайда екенін білмейміз. Ал қалған күдіктілермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ұсталмаған, олар күдіктілер ретінде танылып, бұл істе белсенді әріпестік танытуда, тергеуге қатысып, сұраққа көзбе-көз жауап беріп, тергеліп жатыр", - деп сөзін қорытындылады Перов.

Айта кетсек, 8 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте LRT ісін дұрыстап тергеуді, басқалармен қатар, елорда әкімдігінің бұрынғы басшыларын да тексеруді тапсырды. LRT жобасының өзін мемлекет басшысы "өте даулы және экономикалық тұрғыдан тиімсіз" деп атап өткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: