Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәрі артта қалды!". Илья Ильин енді есін жиғанын айтты

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 22:58 Инстаграм
Әбден құлдырағам ғой. Енді бәрін басынан бастаймын. Ақырындап, мысықтабандап жоғарыға көтеріліп, рекорд жасауым керек. Мендегі мақсат та, миссия да осы қазір.

Ауыр атлетикадын төрт мәрте әлем чемпионы, екі мәрте Олимпиада чемпионы болып, допинг дауына байланысты соңғы екеуінен айырылған қазақстандық спортшы Илья Ильин сол кездегі дауды ескі алып, қазіргі отбасылық жағдайы туралы айтып, сұқбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мұның бәрін "Если често" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

- Бәрі жақсы келе жатты да жалп еткізді. Әрине, әділестіздік. 100 процент деп айта аламын. Маған, менің әріптестеріме қатысты. Бір құрбандық керек болды, негізі сол кезде. Біздің басымыз кете барды содан "домалап". Сондай кезге тап келіп қалдық біз. Одан артық бұл туралы ешнәрсе айтқым келмейді.

...Қайта мен бақыттымын. Жұмысымды жалғастырып жатырмын. Кейбір жігіттер спорттан мүлде шеттетіліп қалды ғой. Бұл - спортшы үшін үлкен трагедия. Мен спорттағы өз миссиямды аяғына жеткізгім келеді. Спортшылар да, ел де көріп отыр ғой, менің кінәм жоқ екенін, уақыт өзі шындықты ашып алады. Уақыт өте келе елдің оған көзі жетеді. Сондықтан мен бейқаммын бұл ретте, - дейді ол.

- Медальдардан айырған соң сен "бұл медальді мен өз еңбегіммен бірдей жағдайда алдым, ол маған тиесілі" деп айттың. Сонда қарсылық білдірдің ғой бұл шешімге?

- Енді ол медальдарды менің бетіме қарап бергем жоқ қой. Рас, ол менің медальдарым. 10 жыл бойына өткізген сараптамамды тексерді, таза ғой. Жалпы, мен Олимпиада былықтарын айтуға дайын емеспін...

- Қазір өкінесіз бе соның бәріне?

- Өкінішім жоқ, бірақ өмір үнемі жақсы боп тұрмайды. Бастысы, мен "сынған" жоқпын, сүрінген орнымнан тұрып ары қарай жылжудамын. Бәрі артта қалды. Бір жағынан, қорқыныш та бар. Спорт болмаса не істеймін деген. Өйткені көз ашқалы айналысып келе жатқан дүнием осы ғой. Токиода енді жеңуім керек!

- Токио Олимпиадасына баратынын анық па?

- Жоқ, қазір мен республикалық рейтингте 5-ші орындамын, ал халықаралықта - 24-орындамын. Әбден құлдырағам ғой. Енді бәрін басынан бастаймын. Ақырындап, мысықтабандап жоғарыға көтеріліп, рекорд жасауым керек. Мендегі мақсат та, миссия да осы қазір. Қазір салмақ дәрежемді өзгерттім. Бұрын 108 салмақта өнер көрсетсем, енді 98 келі салмақтамын. Жалпы, қазіргі бітімім өзіме қатты ұнайды.

- Отбасыңыз қалай?

- Отбасылық қиындықтан өттік. Қазір мен жұмыстамын, бастысы әке-шешемнің дені сау, мені асыға күтіп отырады. Бұрынғы әйелім де мықты, Миланаға жақсы бас-көз болып отыр. Бауырларым бар. Келінім менің туған күнімде босанды. Інілі болдым таяуда.

Жарты жыл болды, қызымды көргенім жоқ, қараша туған күні болады, он жасқа толады. Туған күніне барайын деп отырмын. Көп уақытын мектепте өткізеді. Ол брейк-данспен айналысады. Әкесі секілді. Екеуміз, тіпті жарасып кетеміз билегенде.

Кімді таңдайсың десе, әрине мен отбасымды таңдар едім. Бірақ болмады, өмір сондай енді...

- Екінші отбасын құруға дайынсың ба?

- Жоқ, дайын емеспін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: