ИГИЛ содырлары өз көшбасшысы үшін АҚШ-тан кек алатынын жариялады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 18:54 видеодан алынды
Видеода содырлар әл-Бағдадидің мұрагерін тағайындап, атын жариялады.

ИГИЛ содырлары өз көшбасшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің қайтыс болғанын растап, ол үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді, деп хабарлайды Рейтерс террористік топтың аудио-жазбасына сілтеме жасап.

Видеода содырлар әл-Бағдадидің мұрагерін тағайындап, атын жариялады. Ол - Әбу Ибрахим ал-Шахеми әл-Кураиши деген есімді адам.

Осы уақытқа дейін жаңадан сайланған басшының аты еш жерде шықпаған, ол туралы тіркелген деректер жоқ. Дегенмен барлау агенттіктері оның артында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті әл-Бағдадидің ықтимал мұрагері деп санайтын қажы Абдулла тұруы мүмкін деп санайды.

Айта кетсек, 27 қазанда Дональд Трамп террористік ұйымның жетекшісінің көзін жойғанын мәлімдеді. АҚШ президенті оның Сирияда америкалық әскер арнайы операция жүргізген кезде мерт болғанын айтқан.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: