Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Төлеби ауданында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.

Сурет : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі6 Қараша 2019, 18:05

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы, Леңгір қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.

- Облыс аумағында мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жаңа спорт кешендері көптеп салынуда. Осы арқылы спорттық инфрақұрылымдар дамып келеді. Спортшыларға қарап өскелең ұрпақ үлгі алып, болашақта ел чемпиондарына ұқсағылары келеді. Әсіресе, ер бала үшін бұл өте маңызды. Жастардың бос уақыты болмау керек. Осы жолда оларға мүмкіндік жасау керек, – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 1400-ден аса жастар мен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен кәсіби тұрғыда жаттыға алады. Бүгінде Төлеби ауданында 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан астам адам шынығады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер