Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістанда республикалық "Адалдық сағаты" өтті

Бұл бастама жыл сайын 1 қыркүйекте басталып, оқу жылының соңына дейін әр тоқсанң басында өтеді.

Сурет : zakon.kz7 Қараша 2019, 11:43

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Түркістан өңірлік Департаментінің ұйымдастыруымен бірыңғай жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" өтті. Жаппай бірыңғай сағатқа Түркістан облысына қарасты барлық 903 білім ошақтарының 40 мыңға жуық жас буын қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Адалдық сағатының" негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Бұл игі бастамада "Transparency Kazakhstan" ұйымы Түркістан қаласында ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде" дәріс алып, арнайы сертификат алған "Парасаттылық елшілері" лекторлық етіп, белсенділік танытты.

Одан бөлек, бірыңғай сағатта облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлері кеңесінің өкілдері Түркістан қаласы мен Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарындағы білім алушыларға дәріс оқыды.

"Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын "1 қыркүйек - Білім күнінде" басталып, оқу жылының соңына дейін әр тоқсанның басында жүйелі түрде қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер