Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Діни басқарма дүркіретіп той жасаған қажының әрекетіне қатысты ескерту жасады

Шариғатта қажылыққа баруға шектеу қойылмайды. Бірақ, құлшылықтың қанша рет жасалғанын жалпақ жұртқа жариялауға тыйым салынады.

Сурет : www.muftyat.kz7 Қараша 2019, 12:11

100 мәрте қажылыққа барған Амангелді Еренғайыпұлы Алматыда 400 адам шақырып аста-төк той жасап, онысы желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен. Осы жайтқа Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Аzattyq-ruhy.kz-ге сілтеме жасап.

Қажылық сапарға адам апарумен Қазақстанда 20 фирма айналысады екен. Мекке-Мединеге жыл сайын елімізден үш мыңнан астам адам аттанса, олардың 10-15% қажылыққа қайталап баратындар. Бүгінде ҚМДБ ресми түрде танып, етене жұмыс істейтін 20 туристік фирма бар. Амангелді Еренғайыпұлына тиесілі "Нұр-Қазақстан" компаниясы да солардың бірі. Оның президенті де қажылыққа жұмыс бабымен, жол көрсетіп барады.

Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділда Бекжігітовтің айтуынша, шариғатта қажылыққа баруға шектеу қойылмайды. Бірақ, құлшылықтың қанша рет жасалғанын жалпақ жұртқа жариялауға тыйым салынады.

"Діни басқарма фирма басшыларына, қажылыққа қызмет етіп жүрген адамдарға қоғамның ашуын тудыратын, құлшылықты бұзатын, құлшылыққа кері әсерін тигізетін осындай іс-әрекеттерге бармаса екен деп ескертеді. Бұл қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырды. Оны исламтанушылар да айтып жатыр. Пайғамбарымыздың әдемі хадисі бар: кедей, міскін адам шақырылмаған дастарханның хайыры жоқ дейді. Ал енді өңкей игі жақсыларды жинап алып той жасауы шүкіршіліктің форматына келмейді. Ол - даңғазалық, мақтаншақтық ", - деді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділда Бекжігітов.

Жер бетіндегі мұсылман жамағаты арасында мынша рет қажылыққа барды деген рекордтық көрсеткіш жоқ. Діни басқарма өкілінің айтуынша, Мұхаммед Пайғамбардың өзі өмірінде қажылыққа екі рет барған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер