Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев қайта президент болып келуі ғажап емес

iz.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2019 22:34 iz.ru
Назарбаев: Малайзия басшысы 92 жасында билікке қайтып оралды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Club" жиынында билік транзиті жөнінде әңгіме қозғап, әлем тарихынан мысалдар келтірді. Бұл жөнінде Жас Алаш жазады.

Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақыттары өзіне билік транзиті төңірегінде сұрақтар жиі қойылатынын айтты.

"Билік транзиті қазір маған ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Менің мандатым 2020 жылы аяқталатын. Мен президент лауазымын тастап кету шешімін өзімнің ең танымал кезімде қабылдадым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 пайыз дауыс жинадым. Кетуімді халық өкінішпен қабылдағанын білемін", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Назарбаев өзінің қызметтен кетуіне әлем тарихынан мысалдар келтірді.

"Білесіздер ме? Бұл анау айтқандай ерекше жағдай емес қой. Бірде Франция президенті лауазымын генерал Шарль Де Голль тастады, кетті. Сингапурда Ли Куан Ю кетті. Малайзияда Махатхир мырза кетті. Бірақ ол кейін 92 жасында қайтып оралды. Олай да болады", - деді экс-президент.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: