Жаңалықтар тізбегі
0

Семей өңірінде егін жинау науқаны аяқталды

Инфоцентр ВКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 23:20 Инфоцентр ВКО
Бүгінгі күні 101,6 мың тонна шөп, 6100 тонна пішендеме, 10 мың тонна сүрлем дайындалды.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Биылғы жылы 911 гектар дәнді дақылдар, оның ішінде 120 гектар күздік дақылдар, 3215 гектар картоп, 1511,2 - көкөніс және 68,5 бақша дақылдары егілді. 7988,3 гектар алқапта жемдік дақылдар егіліп, оның ішінде 6656,8 – өткен жылдардағы көпжылдық шөптер және 489,5 - ағымдағы жылғы егілген көпжылдық шөптер, ал 542 гектар - бір жылдық шөптер болып табылады. Сондай-ақ 300 гектар сүрлемге жүгері егілді. Бұл 2019 жылғы егіс алқабының 2,5 % - ын құрайды, - деп атап өтті Нұрлан Шақабаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 23:20

Қазіргі уақытта егін жинау аяқталды. 911 гектар алқапта егілген дәнді дақылдардан 744,7 тонна астық және 51,4 мың тонна картоп жиналды. Биыл көкөніс өнімі 34 мың тоннаны құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі жиын-терім жұмыстарын агротехникалық мерзімде аяқтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 23:20

- Бүгінгі күні 101,6 мың тонна шөп, 6100 тонна пішендеме, 10 мың тонна сүрлем дайындалды. Барлық нормативтік қорлар талаптарға сәйкес келеді. Бұл өте маңызды, себебі егер мұндай нәтижелерге қол жеткізбесе, салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан біз үшін жем - шөп қорын құру мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады, - деді қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: