Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында Исатай Тайманұлының қола ескерткіші ашылды

atyrau.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 23:32 atyrau.gov.kz
Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған.

Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында халық батыры, XVIII ғасырдағы соңғы хан билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай Тайманұлына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Исатай Тайманұлына арналып салынған ескерткіштің авторы - ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Исатай батыр ескерткішін республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсіннің бірі екендігін атап өтті.

- Мұндай шоқтығы биік алып ескерткіштің нақты Исатай ауданында ашылуы заңды құбылыс.Бұл істің басы-қасында болып, ойға алған жоспардың ойдағыдай орындалып, уақытылы орнатылғаны үшін жергілікті жауапты тұлғаларға алғыс бідіремін. Бүгінгі біздердің міндетіміз – ұлы тұлғаларымызды ұлықтау. Осы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Найза ұстаған айбарлы Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсін. Барша исатайлықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын, - дейді Серік Шапкенов.

Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішті облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары Бейімбет Нариманұлы және ауған соғысы жауынгерінің жесірі Қалима Абуова ашты.

Айта кетейік, шара аясында облысқа танымал ғалым Амангелді Шамғоновтың Исатай Тайманұлы туралы жақында ғана көрген жаңа кітабының тұсауы кесілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: