Канье Уэст қазақстандық режиссермен бірігіп клип шығарды
Сурет: Instagram/medet.pbc
1 мамырда Канье Уэст "Talking" әніне бейнебаян шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебаянға әншінің қызы Норт Уэст түскен. Жас талант иесі кадрде басты рөлді сомдаған. Клипті монтаждаумен және түстерді реттеумен қазақстандық режиссер, Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Медет Шаяхметов айналысқаны назар аудартады.
Медет өзінің Instagram парақшасында клиптен үзінді жариялады, желі қолданушыларының көптеген пікірлерін алды.
Еске сала кетейік, өткен айда Ким Кардашян мен оның қызы Норт Уэст әлеуметтік желілерде сынға ұшыраған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript