Жаңалықтар тізбегі
0

Желі қолданушылары аборт туралы клип түсірген Мирас Жүгінісовты сынға алды

Мирас Жүгінісов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 16:59 Сурет: Instagram/zhugunussov.mj
Әнші Мирас Жүгінісов бірнеше уақыт бұрын "Жанамын" әніне бейнебаян түсірген еді. Клипте жастайынан жүкті болған қыздың өмірі мен шешімі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебаян жарық көргенде Мирас аборт жасауды қазіргі маңызды мәлесе деп есептейтінін айтқан еді.

"Бұл клипте осы мәселені қозғадық. "Мүмкін сол бала елімізге пайдасы тиетін бала болар ма еді?!" деген оймен. Ән де адамның ішкі жан дүниесіндегі күрес жайында. Ашулы болып, қате шешім қабылдап қоймаңыздар! Клипті көріп, әнді тыңдап, өздеріңізге керегін алуыңызға болады", - деп жазды Мирас Жүгінісов.

Мирас Жүгінісов бейнебаян шыққан соң Қанат Бейсекеевтің Зamandas подкастына қонаққа барған. Онда подкаст жүргізушісі әрі фильммейкер Қанат Бейсекеев інісі ретінде Мирастың клипін сынға алды және сәтсіз жұмыс екенін атап өтті.

"Клипте сен проблеманы бір жақты көрсеткенсің. Ондағы мессендж "Егер әйелдер аборт жасамаса, ана болар еді, ал ол балалар өмір сүретін еді" дегенге ұқсайды. Меніңше, сенің мұндай тақырыпты қозғағаның әділ емес. Себебі сен бейнеклипте "Ол баланы қалай ма, қаламай ма - әйел өзі біледі, әрқайсының өз шешімі" деген нәрсені жіберіп алып тұрсың. Клипте сен аборт жасаған әйелдерді сөгіп тұрғандай көрінеді", - деді Қанат Бейсекеев Zamandas подкастында.

Ал Мирас абортқа қарсы екенін айтып, кез келген істің артында үлкен жауапкершілік тұрғанын жеткізді.

"Адам қандай қадамға бармас бұрын әуелі неке қиып, бәрін дұрыс жолмен жасауы керек".Мирас Жүгінісов

Дегенмен әншінің тыңдармандары мен қазақстандықтардың түсік жасатуға қатысты пікірі сан-саққа бөлінді. Бірі осындай клип түсіргені үшін әншіні сынға алды, екіншісі өзекті тақырыпты қозғағанын қолдап жатыр.

  • Осындай тақырыпты қозғау, айта салу ер адам болған соң, әсіресе өз жатырың болмаған соң оңай
  • Мен подкастты тыңдадым ... Бір қызығы, сіз әйелдерге арналған деп ойлайсыз .... Ешқандай себепсіз оңды-солды қыдырып жүрген жігіттерді/еркектерді айыптайтын видео түсіре аласыз ба? Менің ойымша, сіз әйелдерді емес, өзіңіз сияқты ерлерді сынағаныңыз дұрыс болар еді
  • Аборт жасау проблема ма? Сіз әлемде не болып жатқанын көрдіңіз бе? Мәселе мынада! Әйелдің түсік жасату туралы шешім қабылдауы өте қиын, оның өз себебі бар: баланың денсаулығынан бастап, өзін және оны немен тамақтандыруына дейін
  • Маған сіздің жұмысыңыз қатты ұнады, бірақ адам ретінде осы клиптен кейін сізге деген оң ойдан алыс болдым.
  • Мен аборт жасатқым келіп жүрген еді, осы клиптен соң ойым өзгерді
  • Сөзім жоқ, тек респект!
  • Жай ғана от клип!
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: