Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

21-22 қарашада Қазақстанға Швейцария Президенті келеді

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Сурет : facebook.com / Берік Уәли19 Қараша 2019, 11:40

Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға жоспарланған ресми сапары туралы facebook-те Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының Президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары "Ақорда" резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін "дөңгелек үстелде" сөз сөйлейді деп жоспарланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер