Жаңалықтар тізбегі
0

Сөгіс пен жұмыстан шығару – Тараз полициясының бастықтары жазаланды

СҚО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 15:07 СҚО ПД баспасөз қызметі
Mектеп инспекторларының іс-әрекет алгоритмі қайта қаралды.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық жабдықтардың болмауы және басқа да мәселелер бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектеп жанындағы аумақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды болдырмау бойынша жұмысты күшейту мақсатында, күндізгі және кешкі уақытта полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп патрульдеу ұйымдастырады, деп жазды Facebook-те Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

Сондай-ақ мектеп инспекторларының іс-әрекет алгоритмі қайта қаралды. Мектептегі бейнебақылау камераларынан бейнелерді тек директордың кабинетіне ғана емес, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп инспекторының кабинеттеріне шығару мәселесі қаралуда.

Тараз қаласының №6 орта мектебінде орын алған қылмысқа байланысты Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығына, Тараз қ. ПБ 2-полиция бөлімінің және 2-ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастықтарына, 2-ПБ ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторына қатаң сөгіс жарияланды, ал мектеп инспекторы ішкі істер органдарынан шығарылды.

- Кәмелетке толмағандар жасаған және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мәселелері менің күнделікті бақылауымда, - деді Арман Оразалиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: