Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде әлеуметтік қызметкер қарттардың карталарынан ақша шешіп отырған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 16:12 видеодан кадр
Былықтың барын басшылық арнайы тексеріс кезінде бір-ақ білген.

Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кіріп, артынан банктік карталарынан ақша шешіп алып отырғаны анықталды. Былықтың барын басшылық арнайы тексеріс кезінде бір-ақ білген. Қариялардың қалтасындағы ақшаға көз салған қызметкер кім?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Анатолий Кузобов интернаттың байырғы тұрғындарының бірі. Әлеуметтік қызметкердің бірі банктік картасының мерзімі өтіп бара жатқанын айтып, ауыстыру қажеттігін айтты дейді. Зейнеткер банкоматтың тілін білмегендіктен, қызметкерге сеніп, картасын қолына ұстатып жіберіпті. Кейін жаңасын әкеп берген. Бірақ, зейнеткер әлеуметтік қызметкер өз картасынан ақшасын суырып алды ма, жоқ па нақты білмеймін деп отыр.

Анатолий Кузубов, облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйінің тұрғыны:

"Маған карточкамды әкелгенде, ашық-шашық болды, жанында бір цифрлар жазылған қағаз болды. Кейін прокурорлар келді, тергеуші болды, менің картамды суретке түсіріп алып, алып кетті".


Интернатта 223 адам тұрса, соның 96-сы 1-ші және 2-топтың мүгедегі. Олардың барлығы зейнетақы мен жәрдемақы алатындар. Әлі келгендер қаржыны банкоматтан өздері шешеді. Ал шамасы келмейтіндерге әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі екен.

Сән Нұрышева, облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйі директорының орынбасары:

"Егер де қызмет алушы нотариус арқылы сенімхат берген жағдайда алуға болады. Онда да қасында психолог, заңгер болуы керек. Тексеріс кезінде айтқан болып тұр ғой үлкен адамдар. Осыған байланысты ол әлеуметтік маманды жұмыстан уақытша шеттетілді".


Интернат тұрғындарының қанша қаражаты қолды болды? Әлеуметтік қызметкер олардың банктік картасын қалайша емін-еркін пайдаланған? Осы сауалдарды құзырлы органға жолдағанбыз. Прокурорлар істің мән-жайын тергеп-тексеру аяқталған соң баяндайтындарын хабарлады.

"Ақтөбе қаласының Алматы ауданы прокуратурасымен жоғарыда аталған мекемеде тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар жинақталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осыған байланысты нәтижесі қосымша хабарланады".


Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Қ.Рахметовтың жазбаша жауабынан:

Интернат үйі басшылығы қарттар мен мүгедектерге көмектесетін әлеуметтік қызметкерлердің саны 6 дейді. Алайда, қазір бесеуі қалыпты. Былыққа қатысы бар бір қызметкерді тексеру аяқталғанша жұмыстан шеттеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: