Түркістан облысы әкімінің орынбасары қоларбаға отырып, каладағы пандустары тексерді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мүгедек жандардың кез келген қоғамдық орынға баруына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керектігін, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандустар салып, оның биіктігін тиісті талапқа сай келтіруді міндеттеді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен шаһар басшысы Рашид Аюпов тротуарлардың сапасын білу үшін және қаладағы пандустардың ыңғайлылығын тексеру үшін қаланы қоларбамен аралап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сенім жүрек" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен бірлесе өткізген шара аясында бір топ шенеунік Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен орталықтарды аралап, қоғамдық көлікке мініп көрді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574569381_03.jpg

Аталған бірлестік қоғамда қамкөңіл жандардың тең мүмкіндікте өмір сүруіне бастайтын "Қолжетімді Қазақстан" жобасын ұсынған болатын. Жобаны қолдап, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын түсіну үшін қоларбаға отырған билік басшылары, қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574569317_07.jpg

Мүгедек жандардың кез келген қоғамдық орынға баруына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керектігін, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандустар салып, оның биіктігін тиісті талапқа сай келтіруді міндеттеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574569378_087.jpghttps://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574569316_06.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз