Офицерлер жауынгерлік тумен қоштасты

- -
Жауынгерлік тумен қоштасу-әрбір әскери қызметші үшін ерекше рәсім. Офицерлер кезекпен армияның абыройын, жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейтін жауынгерлік тудың алдында бас иді.

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосы басшылығының қатысуымен әскери тумен қоштасу салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің бірқатар офицерлерін запасқа шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауынгерлік тумен қоштасу-әрбір әскери қызметші үшін ерекше рәсім. Офицерлер кезекпен армияның абыройын, жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейтін жауынгерлік тудың алдында бас иді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574691970_photo5388959238421851163.jpg

Құрметті қарауыл ротасы мен ту ұстаушы тобының қатысуымен генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті, генерал-майор Василий Рысбаевті, полковниктер Раушанбек Әбілдаев және Болат Қарақкучуковты запасқа шығару туралы бұйрық оқылды. Салтанатты іс-шара барысында офицерлердің әскери жолы, олардың басшы мен командир ретінде қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштеріндегі жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобының әскер құрамында бастады, Байкал әскери округінде қызмет етті, 68-ші мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары болды, Құрлық әскерлерінің мотоатқыштар дивизиясын, Аэроұтқыр әскерлерін, Қазақстан құрлық әскерлерін басқарды. 2016 жылдан бастап Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574691978_photo5388959238421851164.jpg

Генерал-майор Василий Рысбаев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Ол Мәскеу және Қиыр Шығыс әскери округтерінде қызмет атқарды. Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезінде офицер Отарда, Шымкентте, Алматыда, Үшаралда, Аягөз қаласында штаб бастығы және әскери бөлімдердің командирі болып қызмет етті. Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, "Астана" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшысы, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары қызметі жұмыстарын атқарды.

Полковник Раушанбек Әбілдаев Суворов әскери училищесін, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және ҚР Қарулы Күштерінің академиясын бітірген. Германиядағы Кеңес әскерлері тобының құрамында, Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесінде қызмет етті. Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебінде және ҚР ҚМ Кадрлар департаментінде кадрлық мәселелермен айналысты. Сонымен қатар, ол әскери полиция органдары мен аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылуы, білім беру мәселелерімен айналысты. 2017 жылдан бастап ҚР ҚМ Әкімшілік департаментін басқарды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574691951_photo5388959238421851166.jpg

Полковник Болат Қарақұқтықов Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери полиция бөлімшелерінде, анықтау бөлімінің аға анықтаушы-инспектордан және жедел-іздестіру жұмыстары бөлімшесінің инспекторы лауазымдарынан бастап, ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап офицер ҚР ҚМ Заң департаментін басқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз