Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мектеп директорларын сан соқтырған алаяқ ұсталды

vremyan.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 21:39 vremyan.ru
Ол өзін "мемлекеттік органның қызметкерімін" деп таныстырған.

Алматы қаласында полиция жекеменшік мектеп директорларын сан соқтырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша, 40 жастағы ер адам Алматыдағы жеке мектептердің директорларына қоңырау шалып, өзін мемлекеттік органдардың бірінің қызметкері ретінде таныстырып, алдағы уақытта жеке білім беру ордаларындағы проблемалар бойынша жиын өтетіндігін хабарлаған.

Одан соң қоңырау шалушы жекеменшік мектеп басшыларын бұл жиынға міндетті түрде қатысуын талап етіп, авиабилеттер сатып алу үшін өзінің электронды шотына қаражат аударуды сұраған. Ол бұл шығын Нұр-Сұлтан қаласына келгенде бюджеттен өтеп берілетінін айтып, уәде еткен. Ал ақшаны алғаннан соң ол ұялы телефонын өшіре салады.

- Елордада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Бұрын ол осыған ұқсас фактілер бойынша бірнеше рет сотталған. Бүгінгі таңда оның Алматы қаласындағы осындай төрт оқиғаға қатысы бар екендігі дәлелденді. Зардап шегушілер одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты бұл адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Алматы қаласындағы полиция департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Қазір ұсталған адам қамауда, - деді қалалық ДП Криминалды полиция бөлімінің бастығы Жанболат Зиадин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 21:39

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды сақ болуға шақырады. Белгісіз адамдардан алынған кез-келген ақпаратты мұқият тексеру керек. Әсіресе, егер бұл жеке деректерді, банктік шоттар мен ақша аударымдары туралы ақпаратпен байланысты болса.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: