Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үшінші бітімгершілік ротасы миссиясын орындауға Ливанға келді

МО РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57 МО РК
Қазақстандық бітімгершілік ротасы Үнді батальонымен бірлесіп белгілі бір міндеттер шеңберін орындайды. Олардың негізгісі, "көк сызық" деп аталып кеткен, 16 шақырымды құрайтын ливан-израиль шекарасын патрульдеу.

Қазақстандық бітімгершілік полкінің үшінші бітімгершілік ротасы "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін Ливанға келді. Бөлімшеде 120 әскери қызметші бар, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57

Қазақстанның өңірлік қолбасшылықтары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 120 әскери қызметшісінен құралған бөлімшені Үнді батальонының командирі Нараян Бати қарсы алды. Ол әскери қызметшілерге құттықтау сөз сөйледі:

- Бірінші және екінші бітімгерлік рота өз қызметтерін жақсы орындады. Сіздердің Үндістанда арнайы курстан өткендеріңізді білемін. Сіздер сияқты үздіктерді қарсы алу, мен үшін үлкен құрмет. Қазақстандық әскери қызметшілер Үнді батальонының құрамында тапсырма орындағаннан бастап, біз "ҮндБат" емес, ""ҮндҚазБат" деп атала бастадық. Сіздерді құттықтаймын және қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, - деді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57

Қазақстандық бітімгершілік ротасы Үнді батальонымен бірлесіп белгілі бір міндеттер шеңберін орындайды. Олардың негізгісі, "көк сызық" деп аталып кеткен, 16 шақырымды құрайтын ливан-израиль шекарасын патрульдеу. Бітімгерлер күнделікті жағдайды нақтылап, блокпостарда қызмет атқарады, әскери базалардың күзетілуі мен күшеюі үшін жауап береіп, автономды патрульдерге шығады. Бітімгершілік контингентінің міндеттері қатарында-басқа елдердің бітімгершілік контингентінің өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті халықпен достық қарым-қатынасты орнату. Үшінші бітімгерлік рота Ливанда 2020 жылдың мамырына дейін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57

Аталмыш құрамға кіру үшін, әскери қызметшілер психологиялық тестілеу мен медициналық тексеруден өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырады. Іріктеуден кейін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген оқыту бағдарламалары бойынша, теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтеді. Бітімгерлерді 6 және 3 ай көлемінде "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" (КАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының нұсқаушылары, минасыздандыру орталығының мамандары, бітімгершілік даярлық бойынша нұсқаушылар үйретеді. Қазақстан БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына Үнді батальоны құрамында қатысатындықтан, Қазақстан мен Үндістанның екіжақты ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес бірлескен сапарлар көзделген. Қазақстандық әскери қызметшілер Нью-Делиге бітімгершілік даярлық курсы аясында барады. Соңғы кезеңде Қазақстанға Үндістаннан мобильді жаттығу тобы келеді. Мамандар екі апталық сабақ курсын өткізеді. Бұдан кейін үнді бағалау тобы қазақстандық әскери қызметшілердің дайындығын бағалайды. Жөнелтілу алдында әлемдік денсаулық сақтау ұйымы хабарлағандай, бітімгерлер міндетті түрде вакцинациялаудан өтеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 16:57

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: