Жамбыл облысында табиғи ресурстар саласының бірқатар басшылары сотталды

zakon.kz zakon.kz
Бір топ тұлға орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан "Шыңбота" ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 млн 221 мың теңге аударған.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Бір топ тұлға алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемелер территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан "Шыңбота" ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 млн 221 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын аударғаны үшін күдікті болған.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Тараз қаласының №2 сотымен аталған тұлғалар айыпты болып танылды:

- М.М.Заурбековке – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

- Н.Д.Нұрмолдаевқа – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандығы үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды;

- Н.С.Солтаевқа – бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін иемдену және талан-таражға салғаны үшін мемлекеттік қызметке арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету саласында мемлекеттік сатып алумен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз