Арыс қаласында Тұңғыш Президент күніне орай заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген заманауи жаңа спорт кешенінде бір мезгілде 120 спортшының жаттығуына барлық жағдай жасалған.

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Арыс қаласында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық-сауықтыру орталығының лентасын қиюға "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев пен Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574851053_img_4705.jpg

Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы тамыз айында басталған болатын. Онда жергілікті тұрғындардың күрес, ауыр атлетика, дзюдо, самбо, шахмат, баскетол, волейбол секілді спорт түрлерімен шұғылдануына бар мүмкіндік жасалған.

- Жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген заманауи жаңа спорт кешенінде бір мезгілде 120 спортшының жаттығуына барлық жағдай жасалған. Зәулім ғимаратта спорт сүйер азаматтар мен жас балалар, жалпы арыстықтар спортпен айналыса алады. Сонымен қатар бұл шаңырақта ел намысын қолдан бермейтін болашақ Олимпиада чемпиондары тәрбиеленеді деп сенеміз, – деді құттықтау сөзінде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574851049_img_4628.jpg

Айта кету керек, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры қаладағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы темір жол вокзалы, "Батырлар Аллеясы" мен 1200 орындық орталық алаң толық қайта қалпына келтірілді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Спорт және ойын алаңқайлары жөндеуден өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574851071_img_4696.jpg

Жалпы, Түркістан облысында 64 спорт нысандары жұмыс істейді. Оның 4-і Арыс қаласында орналасқан. Биыл облыс бойынша 3 спорт кешені халық игілігіне пайдалануға берілсе, келесі жылы дәл осындай 11 нысанның құрылыс жобасы дайындалған.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері 4 мыңға жуық іс-шаралар өткізіліп, оған 436 мыңнан астам адам қатысты. "2019 жыл – Жастар жылы" аясында ересектер арасында 9 спорт түрінен Спартакиада өтті. Облыс көлемінде 52 (26 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574851135_img_4632.jpg

Өңір спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 215 – алтын,174 – күміс, 237 – қола медаль жеңіп алды. Биыл 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 ҚР спорт шебері, 116 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз