Бұл жерде Қонаев тұрған: Алматылықтар элиталық үйдің құрылысына қарсы шықты

видеодан кадр видеодан кадр
Салынатын нысан туралы түсіндірмек болған құрылыс компаниясының өкіліне тұрғындар жаппай наразылық білдіріп, мүлдем қарсы екендерін жеткізді.

Алматының тарихи орталығында заманауи тұрғын үй салуға тұрғындар қарсы. Олар құрылыс компаниясымен біраз уақыттан бір келісімге келе алмауда. Осы мәселеге қатысты кезекті қоғамдық тыңдау айқай-шумен аяқталды. Ал құрылыс компаниясы Қабанбай мен Назарбаев даңғылының қиылысынан элиталық үй салуды көздеп отыр. Тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жұмыстарын бір аптадан кейін бастауды көздеп отырғанын жеткізді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Первую очередь это исторический квартал. Там жыл Конаев, Назарбаев, и вся интелегентная элита Казахстана".


Кездесу осындай дау-дамаймен басталды. Салынатын нысан туралы түсіндірмек болған құрылыс компаниясының өкіліне тұрғындар жаппай наразылық білдіріп, мүлдем қарсы екендерін жеткізді. Өйткені заманауи тұрғын үй қаланың тарихи орталығының келбетіне нұқсан келтіреді екен.

Дана Мейірбекова, қала тұрғыны:

"Ол басқа жерде салынса ешқандай неміз жоқ. Бірақ осы жерде Мұхтар Әуезов, Ермек Серкебаев тұрған үйлердің жанына модерн дейді ғой сол үйді қойса Алматының түсін бұзайын деп жатыр"


Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша бастапқыда бұл жерге 20 қабатты қонақ үй салу көзделіпті. Алайда 2008 жылғы қаржы дағдарысының салдарынан құрылыс басталмай жатып тоқтап қаған. Банкте кепілде тұрған жер телімін құрылыс компаниясы нарықтық бағамен 700 миллион теңгеге сатып алыпты. Ол жерге 64 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй салу көзделуде. Астыңғы үш қабаты 180 автокөлікке арналған автопаркинг болады екен.

Атахан Оразалиев, құрылыс компаниясының басқарушы директоры:

"Тоғыз қабат бизнес класс үй салынады. Бағасы қазір конкретно бағасын қойған жоқпыз маркетнинг. Былай қасындағы үйлер, ескі үйлер қазір 800-900 мың теңгеден бастап сатылып жатыр. Соған орай бізде арзандау қоямыз".


Алайда тұрғындар атынан сөз алған архитектор Әсел Ержанова бұл ғимарат 1930-60 жылдары бекітілген ескі орталықтың сәулет және көркемдік ситліне нұқсан келтіретінін айтады. Онымен қоса арық жүйесі, көгалдандыру мәселесіне де кедергі келтіруі ықтимал. Сондықтан кәсіби мамандардың қатысуымен ауданға саралау жұмыстарын жүргізіп, ең қажетті нысанды салуды ұсынуда. Арихитектор тұрғын үй салуға болмайтын бірнеше себепті де атады.

Әсел Ержанова, архитектор:

"Біріншіден аласа ғимараттар жанына биік нысан соғу сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына қайшы. Екінші өрт қауіпсіздік талаптары ескеру қажет. Үшіншіден мұндай биік үйлерді салу сол аудандағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ салады. Яғни су мен газ қысымының жетіспеушілігіне, жылу мәселесінде қиындық туады, мектептер мен балалабақшаларда орын тапшылығына алып келеді. Экология тұрғысынан биік ғимараттар таудан соғатын самалдың жолын бөгейді".

Ал қалалық жоспарлау басқармасының өкілдері тұрғындар мен құрылыс компаниясы ортақ ымыра келгенде ғана рұқсат берілетінін жеткізді. Алдымен мамандардың сын ескертпелерін ескеріп, соның нәтижесі бойынша жобаға өзгерту енгізу көзделуде.

Алмасхан Ахмеджанов, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

"Негізінде общественный слушания жүргізіп жатырмыз. Не үшін? Рұқсат қағазды ертең беруге бола ма, болмайма деген. Сондықтан бүкіл Алматы тұрғындарын жинап ақылдасып жатырмыз. Бұл әлі бекітілмеген оған бізге поправкаларын, кіргізуге, енгізуге болады".


Бірнеше сағат бойы қызыл кеңірдек болған тараптар ортақ келісімге келе алмады. Енді келесі жолы қоғамдық тыңдауды дәл даулы жер теліміне барып өткізу жоспарлануда. Алматылықтар бұл жерге байларға арналған тұрғын үй емес кітапхана салған маңызды деп отыр.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз