Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған тұрғындары көшеге белгі қойғаны үшін полицейлерге алғыс айтты

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 23:06 Алматы облыстық ПД
Жылдам жүретін көліктер өмірге қауіп төндіретін. Енді көшемізде жүру немесе ойнау қауіпсіз болды.

"Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығына облыс орталығының тұрғындарынан зор алғыстарын айтып, полиция жұмысына табыс тілеген хат түсті", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

"Біз – Ақсу көшесінің тұрғындары, Отан соғысының ардагерлері, Чернобыль АЭС мүгедектері, зейнеткерлер мен көп балалы отбасы мүшелері облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдахановқа және өз жұмысына тыңғылықты, кез-келген сәтте қол ұшын созуға даяр учаскелік полиция инспекторы Нұржан Жайламысовқа ризашылығымызды білдіреміз", - деп басталған 40 шақты тұрғын қол қойған алғыс хат.

Көшелерінің мәселесін айтқан тұрғындардың өтінішін жеке бақылауына алған полковник жылдар бойы шешілмеген проблеманы небәрі 10 күн ішінде шешуге ықпал еткен. Талдықорғандағы Ақсу көшесінің ені 2,5 метр болса да, көліктер жүйткитін тар көшенің бойына тиісті жол белгілерді қойғызып, қозғалысты реттеуге көмектескен.

"Біздің көшеде егде жастағы адамдар мен кішкентай балалар өте көп. Жылдам жүретін көліктер өмірімізге қауіп төндіретін. Енді көшемізде жүру немесе ойнау қауіпсіз болды. Д.Молдаханов пен Н.Жайламысов сынды қызметкерлер үшін полиция басшылығына алғыс айтамыз", - деп толықтырды қала тұрғындары.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 23:06

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 23:06

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: