Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жаңа заң: тұтынушылар табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті

Егер тұтынушылар сапасыз жылу энергиясын жеткізбеу немесе жеткізу бойынша проблемаларға тап болса, оларға ПИК-ке жүгіну қажет.

Сурет : komkur.info29 Қараша 2019, 10:06

Табиғи монополиялар туралы жаңа заңнама бойынша тұтынушы табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлерінің бірі жылу энергиясымен жабдықтау болып табылатыны баршаға мәлім.

Табиғи монополиялар туралы жаңа заңнама бойынша тұтынушы уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы) жеткізушіні өзінің тұтынушысына жылу энергиясын энергия беруші ұйымдардың қосылған желісі арқылы беруге міндеттейді.

Бұл ретте, тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың теңгерімдік тиесілік шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады және энергетика саласындағы мемлекеттік стандарттарда немесе өзге де нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, сондай-ақ жеткізуші жасаған және жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестеге сәйкес келуге тиіс.

Яғни өнім беруші жасалған шартқа сәйкес өзінің тұтынушысын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары бойынша қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеттері мен режимі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс екенін білу айтарлықтай маңызды:

1) жылумен жабдықтау бойынша – тұрғын үй – жайлардағы ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға - жылыту маусымы ішінде тәулік бойы;

2) электрмен жабдықтау бойынша - қолданыстағы стандарт бойынша электр энергиясының параметрлері - жылдай тәулік бойы;

3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша – берілетін судың құрамы, қасиеттері және қыздыру температурасы бойынша гигиеналық талаптарға, сондай-ақ бөлу нүктесіндегі судың есептік шығыны – жылда тәулік бойы.

Жылу энергетикасы саласындағы қызметтер сапасының параметрлері өз кезегінде ҚР ҚН, ҚР ҚНмЕ және "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері сияқты белгілі Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерімен белгіленген.

2018 жылғы 26 қазандағы "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидалары бойынша суық мезгілде тұрғын үй ғимараттарында ауаның есептелген температура мынадай болу келек:

Пәтерлердің немесе жатақханалардың тұрғын бөлмесі - 20 градус
Пәтерлер мен жатақхананың асханасы, электр плиталары және газ плиталары бар су қайнататын бөлме - 18 градус
Ванна - 25 градус
Жеке дәретхана - 18 градус
Дәретхана мен ваннанның біріктірілген үй-жайы - 25 градус
Киім тазалауға және үтіктеуге арналған гардероб бөлмесі, жатақханадағы қолжуғыш бөлмесі - 18 градус
Вестибюль, жалпы дәліз, пәтер тұрғын үй ғимаратындағы немесе жатақханадағы алдыңғы, баспалдақ торы - 18 градус
Кір жуатын орын - 15 градус
Жатақханаларда үтіктеу, кептіру бөлмелері - 15 градус
Жатақханадағы жеке заттарды, спорт жабдықтарды сақтауға арналған қоймалар, шаруашылық және кір жуатын орындар - 12 градус

Үлгі шарттың нормалары шеңберінде, тұтынушы жылу энергиясын жеткізушіден жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметке ақы төлеу бойынша қайта есептеуді және сапасыз жылу энергиясын жеткізбеуден немесе жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге құқығы бар.

Яғни, жылыту маусымында пәтердегі температура нормалары жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес сақталмаған жағдайда, тұтынушы тиісті қызмет бойынша төлемді қайта есептеуді талап етуге құқылы.

Және нормаларды сақтамаудың әрбір сағаты үшін, оның төлемі 0,15% - ға төмендетілуі тиіс.

Осындай жағдайлар туындаған кезде, тұтынушылар ПИК-ке барып, оның төрағасынан сервистік компанияға барып, ақауларды жоюды талап етуі керек. Егер температуралық режим шын мәнінде сақталмаса, жылу желілерінің өкілдерін шақыру керек, олар ақаулықтардың себептерін қарап, акт жасауы тиіс. Яғни, мәселе бастапқыда үй ішіндегі желілерден іздеу керек.

Егер тұтынушылар сапасыз жылу энергиясын жеткізбеу немесе жеткізу бойынша проблемаларға тап болса, оларға ПИК-ке жүгіну қажет, алайда ПИК-тің әрекетсіздігі кезінде тұтынушылар жергілікті атқарушы органдар жанындағы Қалалық ортаның сапасы мен бақылау басқармаларына жүгінуі қажет, олар ПИК жұмысының сапасына жауап береді.

Егер тұтынушы пәтерде немесе тұрғын үй-жайда микроклиматқа зертханалық өлшеулер жүргізгісі келсе, ол тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аймақтық бөлімшелеріне немесе аккредиттелген зертханаларға жүгіне алады.

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына қайшы келетін және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтірген табиғи монополия субъектісінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі), оның ішінде тарифті көтеру, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шартын жасасудан және орындаудан негізсіз бас тарту жолымен залал келтірген іс-әрекеті (әрекетсіздігі) табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуіне әкеп соғады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер