Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақша жымқырған Шемонаиха ауруханасының бас есепшісі ұсталды

Шемонаиха орталық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде.

Сурет : zakon.kz29 Қараша 2019, 10:29

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол "Халық Банк" АҚ және "Банк Центр Кредит" АҚ-дағы карточкалық шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен мөлшерде – 92 млн 500 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер