Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық жастар форумы басталды

Инфоцентр ВКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 16:53 Инфоцентр ВКО
Ресми емес жағдайда облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіповамен кездесу өтті.

Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарынан келген жастар екі күн бойы семинар-тренингтерге қатысып, "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент"атты кітап көрмесін тамашалады. Олар Ұлттық еріктілер желісінің директоры Татьяна Миронюкпен кездесуге мүмкіндік алып, Семейдің мұражайларын аралап, Электротехникалық колледжіндегі құзіреттілік орталығының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресми емес жағдайда облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіповамен кездесу өтті.

Абай атындағы кітапханада өткен форумға қатысушылар жетістікке жеткен жастармен танысып, көкейдегі сұрақтарын қойды.

– Мен Электротехникалық колледжінде мамандығымды игеріп, бүгінде осында жұмыс істеймін,-деді Семей электротехникалық колледжінің оқу-өндірістік шеберханаларының шебері, Worldskills Kazan-2019 кәсіби шеберлік бойынша Әлем чемпионатының "Үздік ұлт өкілі" медалінің иегері Александр Бетцольд. -Осымен екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысының командасы World skills республикалық чемпионатында көш бастап келеді. Біз тоқтап қалмай, әлі де кәсіби шеберлігімізді дамытатын боламыз. Облыс әкімі Даниал Ахметовке осындай ерекше көңіл және техникалық білім беруге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.

Семей жастар мәслихатының хатшысы Еркежан Досмұхаметова, облыс әкімі грантының иегері Виктория Кузнецова, медицина университетінің студенті, "Qazaqvolunteers" еріктілер қозғалысының төрағасы Гүлфайруз Тукинова, "Толағай сұлтаны-2019" халықаралық байқауының жеңімпазы Айдос Үркімбай және өзгелері жетістіктері туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" жастар форумының спикері, Семей қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағы филиалының жетекшісі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, "Алтын Тобылғы" жас әдебиетшілер сыйлығының лауреаты Мерей Қарт өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыды.

- Біз үшін біздің жастарымыздың әлеуетін бағалау, олардың өңірдің дамуы туралы пікірін тыңдау өте маңызды, - деді Әсем Нүсіпова. – Бұл өз күштерімен жетістікке жеткен талантты жас адамдармен кері байланыс орнату болып табылады. Жастардың бойынан өз Отанына қаншалықты берілгенін көру біздер үшін үлкен қуаныш.

Ол мемлекеттің қолдауы тек қаржылық көмек қана емес, дарынды жастардың әлеуетін ашу үшін жағдай жасау екенін ерекше атап өтті.

- Форум волонтерлік ұйымдармен өзара іс – қимылда кейбір мәселелерді де ашты, - деді Әсем Нүсіпова. - Еріктілер ұйымдарына менеджмент деңгейін арттыру керек екені дұрыс аталып өтілді. Форум- біз бір-бірімізді тыңдай алатын жақсы алаң. Келесі жылы "Еріктілер жылы" болып жарияланғандықтан, бүгін еріктілер қозғалысын күшейту жөнінде ұтымды ұсыныстар енгізілді.

Айта кету кетейік, өңірде жастарға қолдау көрсетудің барлық шаралары жасалған.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" республикалық жобасына 274 шығысқазақстандық қатысуда. 35 жасқа дейінгі белсенді жастар қатарынан 170-тен астам адам президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысып, олардың үшеуі конкурстың үшінші кезеңіне өтті.

Мемлекеттік қолдау шараларымен 8 мың жастар қамтылып, оның ішінде 1,4 мыңы "Жастар іс-тәжірибесімен" қамтылған. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 308 жас маман тартылып, 231 тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие алды. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 15 жас кәсіпкер жалпы соммасы 34,1 млн.теңгеге гранттар алды.

"Жастар жылында" ШҚО-да "Жас Кәсіпкер" республикалық жобасы басталып, оның аясында 1074 адам оқуды аяқтап, 680 адам бизнес жобаларын қорғады. Олардың 133 – і грант алды.

"JasA!" жобасы аясында жергілікті қауымдастықтарды дамытуға бағытталған 13 жастар жобасы 610 мың теңгеге дейін грант ұтып алды.

Форумның салтанатты жабылу рәсімі бүгін Абай атындағы театрда өтеді. Жастардың үздік өкілдері "Жылдың жастар көшбасшысы", "Жылдың студенттік көшбасшысы", "Жас кәсіпқой", "Жылдың жас журналисі", "Жылдың жастар акциясы", "Жас отбасы"номинациялары бойынша марапатталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: