Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда алдағы екі жылда сегіз мектеп салынады - қала әкімі

Қазір қала мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңға жетеді, ал балабақшалардағы орын тапшылығы – 20 мыңнан асады.

Сурет : Ашық дерекөздерден алынды29 Қараша 2019, 12:37

Бақытжан Сағынтаев 29 қазандағы Алматыға жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығын атап өтіп, берген нақты тапсырмаларының орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір қала мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңға жетеді, ал балабақшалардағы орын тапшылығы – 20 мыңнан асады.

"Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Алдағы екі жылда 12 900 орынға сегіз мектеп салынатын болады", – деді Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орындық бес балабақша, оқу жылының басында 1 800 орындық екі мектеп, мектептердің жанынан 2 017 орындық бес жапсаржай пайдалануға беріледі екен.

Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те белсенді қатысуда.

"2020-2022 жылдары жеке инвестициялар есебінен 2 240 орындық төрт мектеп, 8 000 орындық 300 балабақша ашу жоспарлануда. Осылайша, екі ауысыммен оқитын мектептердегі орын тапшылығын 30 мың орынға, балабақшалардағы кезекті 10 мың орынға азайтуға мүмкіндік туады", – деді мегаполис басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер