Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин мен Құлыбаев 2020 жылға арналған ынтымақтастық жол картасына қол қойды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 19:30 Ж.Құспанов
Жаңа құжатқа сәйкес, Мәжіліс депутаттары мен кәсіпкерлер қауымдастығы алдағы жылы 9 маңызды бағыт бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы, "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин мен "Атамекен" ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі "Nur Otan" партиясының фракциясы мен "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастығының Жол Картасы Меморандумына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттық корпус отандық бизнес-қауымдастықтың мүддесіне қатысты заң жобаларын қарау барысында "Атамекен" Ұлттық Палатасымен тығыз жұмыс жасайды. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығына тоқталған Палата Спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы мен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарының арқасында елімізде бизнес саласының қарқынды дамып келе жақанын атап өтті.

2017 жылы "Нұр Отан" партиясы мен "Атамекен" ҰКП арасында 2017-2018 жылдарға арналған Қазақстан Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарлары аясында ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру жөнінде Жол картасына қол қойылғанын алға тартқан Мәжіліс Төрағасы алға қойған мақсаттардың орындалғанына тоқталды. Енді жаңа құжатқа сәйкес, Мәжіліс депутаттары мен кәсіпкерлер қауымдастығы алдағы жылы 9 маңызды бағыт бойынша жұмысты жалғастырмақ. Атап айтсақ, бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, салық және бюджет заңнамасын жетілдіру, мемлекеттік сатып алулар, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі мен жер қатынастары саласындағы проблемаларды шешу, өңірлік даму (ауылда бизнесті дамыту), бизнестің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, адам капиталын дамыту.

- Біздің алдымызда салмақты міндеттер тұр, біз оларды межелі уақытта жүзеге асыруымыз керек, - деді Н. Нығматулин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 19:30

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: