Жаңалықтар тізбегі
0

Бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 03:58 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Кездесуде тараптар өңірдегі кәсіпкерліктің негізгі мәселелері бойынша бірлескен Жол картасына қол қойды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. 29 қарашада бизнес-омбудсмен Ақтау қаласында облыс әкімі Серікбай Тұрымовпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау бойынша бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде осы саладағы ақарылған жұмыстар туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев баяндады.

Оның келтірген деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың 11 айында Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы 519 өтінішті қарады, оның 129-ы бизнесті қорғау саласы бойынша. Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштердің 51%-ы шешілген. Жалпы алғанда, кәсіпкерлердің 1,62 млрд теңгеге мүліктік құқықтары қорғалды.

Кездесуде тараптар өңірдегі кәсіпкерліктің негізгі мәселелері бойынша бірлескен Жол картасына қол қойды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 03:58

Кездесуден соң Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде Болат Палымбетов кәсіпкерлерді жеке қабылдады.

"Өңірдегі ең жиі кездесетін мәселе – жолаушылар тасымалы. Мысалы, автобуста 7 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді,7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдік беріледі. Бар жеңілдік осы. Жергілікті әкімдік 10 түрлі санат бойынша тегін тасымалдау міндетін алға қойды: көпбалалы отбасылар, мүгедектер және тағы басқасы. Дегенмен, мұнда онсыз да жол жүру құны ел бойынша төмен, небәрі 50 теңге. Біз жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар үшін әкімдіктен субсидия төлеуді өтіндік", - деді "Жолаушы-Ақтау" ЖШС-нің директоры Руслан Ахметнәбиев қабылдау кезінде.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің көпшілігі жер телімдері, сұйытылған газды пайдалану және балабақша жұмыстары тәрізді мәселелерді алға тартты.

"Өңірдегі бизнесмендердің мәселелерімен толық танысып шықтым. Оларды шешу жөнінде нақты шаралар қабылданатын болады. Барлық ұсыныстарды біз тиісті мемлекеттік органдарға енгіземіз. Мұнда айтылған мәселелерді жауапсыз қалдырмаймыз", - деп сөзін түйіндеді Болат Палымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың ақпан айында ҚР Тұңғыш Президенті кәсіпкерлерді қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметін енгізуді тапсырған болатын. 2017 жылы бизнес-омбудсмен ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енді.

2016-2018 жылдары бизнесті қорғау бойынша 17 мыңнан астам өтініш түсті. Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 110 млрд теңгені құрады. Бұл – кәсіпкерге қайтарылған айыппұлдар мен өсімақылар. Өтініштердің басым бөлігі жер, салық, сатып алулар және құқыққорғау органдарының әрекеттеріне қатысты түскен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: