Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қызылордада мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырап, алты адам қайтыс болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус ішінде 35 адам болған.

Сурет : Gorobzor.ru3 Желтоқсан 2019, 10:11

Құмкөл - Қызылорда тас жолында болған апат туралы ресми ақпарат анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 желтоқсанда сағат 4.30 шамасында осы өңірдегі Құмкөл кен орнынан Шымкент қаласына кетіп бара жатқан "South Oil" ЖШС автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырағанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус ішінде 35 адам болған.

- Қазіргі уақытта алты адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алғаны белгілі. Оқиға орнында полиция, жедел және медициналық қызметкерлер шұғыл жеткен. Апатқа жол ережесінің бұзылуы және көктайғақтың себеп болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы, яғни "Көлік құралын басқарған адамның жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - дейді полициядағылар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер