Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 20:57 facebook.com
Жаңа әкім Айтқазы Қарабалаев болды.

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа әкім Айтқазы Қарабалаев болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады.

21 қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды. Оған Тараздағы мектеп дәретханасында оқушы қыздың зорлануы себеп болды. Бейсенбек Жанбосынов Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын экономист және заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шу ауданы, Дружба қызылша фермасында жұмысшы болып бастаған.

Еңбек кезеңінің әр жылдары ол Алматыда сауда-саттықты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, "Тигрохуд" сауда-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары, Тараз қаласы әкімінің экономика және сауда бөлімінің бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компания өкілдігінің директоры қызметтерін атқарды. Одан соң Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-тың Жамбыл филиалы директорының кеңесшісі болды.

Сонымен қатар ол - Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бірнеше шығарманың авторы, ақын әрі композитор.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: