Жаңалықтар тізбегі
0

Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыз ақша төленгелі жатыр

agroinfo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 23:47 agroinfo.kz
Бүгін Үкіметтің шешімімен биылғы жылы аграрлық саладағы диқаншылар алдындағы 28,5 млрд теңге қарыз өтелді.

Мал шаруашылығына арналған субсидия бойынша фермерлер алындағы Үкіметтің қарызы толықтай жабылатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, биыл қараша айының басында елімізде бірінші рет шаруалар митингке шыққан болатын. Ақтөбелік фермелер өздеріне уәде етілген субсидияны талап етіп, көшеге шыққан болатын. Кейін олар билік тарапынан қысымға ұшырап жатқанын да айтқан. Олардың айтуынша, жергілікті билік өздеріне тиесілі субсидияны сұрап, көшеге шыққандарға өмірі болмаған салық түрін сала бастаған.

"ҚР Үкіметі ауылшаруашылық тауар өндірушілері алдындағы міндеттемелерін орындайды: жылдан жылға кері шегеріліп келе жатқан мал шаруашылығына арналған субсидиялар мен инвестициялық субсидияларға толығымен жабылатын болады.

Бүгін Үкіметтің шешімімен биылғы жылы аграрлық саладағы диқаншылар алдындағы 28,5 млрд теңге қарыз өтелді.

Сонымен қатар, Үкімет жақын арада мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 36,8 млрд теңге қарызды, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бойынша 11,7 млрд теңге берешекті өтеу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдаудың арқасында негізгі капиталға инвестиция тарту мақсатты индикаторларға қол жеткізуде септігін тигізіп, саланың инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Бүгінгі таңда жалпы құны 4,4 трлн теңгенің 113 инвестициялық жобасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: "Таусылып кеттік!". Батыс Қазақстанның шаруалары көтерілді

Тағы да: Қысым басталды. Ақтөбеде митинг жасаған шаруалардың берекесі қашты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: