Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мектеп дәретханасына байланысты шу шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 23:24 видеодан алынды
Мектеп әкімдігі ыңғайсыз жағдайға тап болған оқушы қызға көмектесудің орнына оған қарсы ұжымдасып, өзін өтірікші қылмақ болыпты.

Алматы облысында үлкен дәретке барғысы келген төменгі сыныпта оқитын оқушы қызды мектеп ішіндегі әжетханаға кіргізбей қойған. Салдарынан жеткіншек бұтына жіберіп қойған. Еден жуушыдан бастап, мектеп басшылығына дейін баланы кінәлап, мұның арты үлкен жанжалға айналған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Үштөбе қаласының Горький атындағы мектептің 2 сынып оқушысы сабаққа барғысы келмейді. Қыз бала ата-анасынан басқа мектепке ауыстыруын өтініп, күн сайын жылайтын көрінеді.

"Екінші не үшінші сабақтың уақыты болатын. Маған әдебиет пәнінен беретін Олеся Юрьева Парышева есімді мұғалім қоңырау шалып, қызымның дене қызуы көтеріліп тұрған соң үйге қайтарып жібергендігін айтты. Алайда үйге шалбары су-су, көз жасын көл қылып келіп тұр. Артынша оның бұтына жіберіп қойғандығын анықтадым. Ең сорақысы, оның боғы іш киімінің ішінде қатып қалыпты, Бұл, не деген масқара? Менің қызымды мектепте болған жағдайдан кейін қанша уақыт ұстаған сонда? ", - деді қыздың анасы.

Әйелдің айтуынша, бүкіл сыныптастарының көзінше мұндай жайтқа тап болу оқушы қыздың психологиясына қалай әсер ететінін елестету мүлдем қиын.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мектепке барған ана күтпеген жерден таңқаларлық жағдайға кезігіпті. Мектеп әкімдігі қызға көмектесудің орнына оған қарсы ұжымдасып, оны өтірікші қылмақ болыпты.

"Оның өтірік айтып несі бар? Сонда ол қоңырауда дәретханаға бармай, бұтына жібере салады ма? Мектептегілер менің қызым мұның барлығын ойдан құрастырды деп отыр", - деп налыды әйел.

"Облыс аймақтарында орналасқан әжетханалар Таразда болған жағдайдан соң жырға айналған еді. Дегенмен оқиға болған оқу орнының ішінде дәретхана бар көрінеді. Бірақ мұндағы кіші сынып оқушыларының айтуынша, іштегі әжетханаға тек кіші дәретке отыруға рұқсат. Ал жоғарғы сыныптағылар мен үлкен дәретке барғысы келетіндер сыртқа шығады екен. Мектептегілер болған жағдайды жоққа шығарып, әбігерге түсіпті.Қызды дәретханаға жібермей қойған ұстаздың сөзінше, қыз мүлдем сыртқа шығуға сұранбаған. Ал мектеп директоры бұл жағдайдан мүлдем бейхабар екендігін айтып, тіпті, әжетхананың өзін көрсетіп беріпті. Бар кінә түймедей жағдайды түйедей қылған мектеп ұжымында сияқты. Ұстаз қызды дәретханаға жібермегендігімен қоймай, еден жуушы лас әжетхана үшін қыз баланы бүкіл сыныптастарының алдында ұятқа қалдырған. Ал мектеп директоры болса, ата-ананың ренішін тыңдап, оны басудың орнына өзінің қол астындағы қызметкерлерін жақтап шығыпты. Қыздың анасы алдағы уақытта баласын басқа мектепке ауыстырын жоспарлап отыр. Себебі бұл жағдайдан кейін жеткіншектің мектеп оқушыларына мазақ болып, психологиялық соққы алуын қаламайды екен", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: