Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы қорытындыланды

УВП Актобе, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56 УВП Актобе
5 желтоқсан күні қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен "Тамыры терең, құтты мекен – Ақтөбе" атты конференциясы өтті.

Қаланың дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін және жомарттығымен көзге түскен ақтөбеліктер марапатталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56

Кеше, 5 желтоқсан күні қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен "Тамыры терең, құтты мекен – Ақтөбе" атты конференциясы өтті. Аталған шара шаһарымыздың 150 жылдығын қорытындылауға арналған.

Конференция "Шұғыла" шығармашыл жастар клубының жетекшісі, әйгілі ақын Гүлжайнар Қалдинаның өлеңінен басталды. Қаланың мерейтойына арнайы шығарылған өлең көпшіліктің ықыласына ие болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56

Шаһар басшысы Мавр Абдуллин қаланың дамуына ерекше үлес қосып жатқан ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

- Әр қаланың басты байлығы – онда өмір сүретін және еңбек ететін адамдар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті жерлестер, қаламыздың дамуына үнемі қолдау көрсетіп, ізгі нииеттеріңіз үшін өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56

Биылдың өзінде қала аумағында 7 балабақша мен 4 мектеп салынды, 5 саябақ пен сквер ашылды. Сонымен қатар, туған жеріміздің ұлы батырлары Жалаңтөс Бахадүр мен Табын Бөкенбайға арналған тарихи ескерткіштер тұрғызылды.
Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев шаһарға қатысты қызықты жаңалықтарды жариялайтын қалалық газетті ашуды ұсынды. Доцент Дәулет Әбенов Ақтөбеде салынған алғашқы ғимараттардың суреттерін паш етіп, қала тарихын қызықты етіп баяндады да көрермендердің көңілін баурап алды. Оның айтуынша, келер ұрпаққа Ақтөбенің ерекшелігін көрсететін бірегей сәулеттік бейнені сақтап қалу қажет.

Ал танымал ақын Мейірхан Ақдәулет қаланың мәдени даму бағытын жүйелендіру үшін тұжырымдама әзірлеуді ұсынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56

Шара соңында шаһар басшысы "Жомарт жүрек – 2019" республикалық байқауының 8 үміткерін марапаттады. Солардың қатарында жыл меценаты номинациясы бойынша Төлеген Таңатаров бар. Ол 60 млн теңгеге Берсиев көшесінде жерасты өткелін салып берген.

Сондай-ақ, қаланың дамуына үлес қосқан 30-ға жуық тұрғынға мерекелік "Ақтөбе – 150 жыл" медалі табысталды. Осы тұста Халықаралық "Невада-Семей" қозғалысының Батыс Қазақстан филиалының директоры Ізімғали Көбеновты атап кету қажет. Ұзақ жылдар бойы экология мәселесін қозғап келе жатқан ардагердің еңбегі марапатқа әбден лайық.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:56

Бұдан бөлек, оқуда озат, құрбы-құрдастарына үлгі болып жүрген екі студентке 100 мың теңге көлемінде қала әкімінің білім грантына сертификат берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: