Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жамбыл облысының 80 жылдығына бірқатар нысандар ел игілігіне беріледі

Мәселен мерейлі күні облыс аумағындағы 41 елді мекенде 41 медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне тапсырылады.

Сурет : zakon.kz6 Желтоқсан 2019, 13:12

Қазақ хандығының алғаш қазығы қағылып, тарихтың темірқазығына айналған, тұғыры баянды болашақпен, ғұмыры ғазиз тарихпен бітеқайнасып жатқан Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 80 нысан ел игілігіне берілгелі отыр.

Облыс тойы қоныс тойға ұласып, көпшіліктің көптен күткен қуанышын еселемек. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Тараз қаласында 80 пәтерлі 6 үй, 60 пәтерлі 2 үй, 44 пәтерлі 1 тұрғын үй, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 120 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылындағы "Көктөбе" жаңа тұрғын алқабындағы инфрақұрылым нысандары, Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын үй массивін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау жүйесі, Далақайнар ауылындағы орта мектепте жапсарлас нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, спортзал, асхана, технология кабинеттері іске қосылады.

Дүбірлі думанда денсаулық сақтау саласында да жағымды жаңалықтар аз емес.

Мәселен мерейлі күні облыс аумағындағы 41 елді мекенде 41 медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне тапсырылады.

Сонымен қатар, тіршілік көзінің түйіні шешіліп, Шу ауданының Абай, Мойынқұм ауылдарын және Қордай ауданының Әлжан ана ауылын, Жуалы ауданының Қарасаз ауылын сумен қамту жүйесі іске қосылып, ел игілігіне тапсырылады.

Салауатты өмір салтының олжасына айналар оң істердің нәтижесі де мереке күндері облыс тұрғындарына тарту болмақ.
Яғни, Тараз қаласының Жансая мөлтек ауданы мен Талас ауданындағы Қаратау қаласы, Көктал, Үшарал ауылдарында және Жуалы ауданының Қарабастау ауылында спорт алаңдары ашылып, пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Тараз қаласында "Қабілет", "Азимут" аула клубтары мен "Қамұқат" тұрғын алқабындағы 150 орындық жеке меншік балабақша және "Үшбұлақ" жағажайының маңындағы кіші архитектуралық композициясы ашылады.

Облыста бұрын соңды болмаған бірегей жоба, Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылында ата-баба дәстүрін жалғастырушы "Шаушен" ШҚ қымызбен емдеу орталығының жанынан 50 адамға арналған сауықтыру кешені іске қосылады.

Облыс мерекесінде көпшілік Мәдениет саласындағы мәуелі істердің жемісіне де куә болмақ. Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этнографиялық кешені және облыстық қазақ драма театрының алдында Қазақстанның халық әртісі, өнертанушы А.Тоқпановтың, "Баласағұн" ОКЗ-ның алдында халық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Әзірбаевтың ескерткіші бой көтереді.

Бұдан бөлек, Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алдында "Әуендер әлемі алаңы", "Тараз-Арена" спорт сарайының алдында "Даңқты спортшылар алаңы" ашылады. Бұл халықтың өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін, құрметін арттырары сөзсіз.

Сондай-ақ, Шахристан этно-мәдени кешенінің аумағында орта ғасырлық шығыстық сәулет стилінде "Руханият және тарихтану" орталығы, Қолөнер шеберлерінің галереясы, Көркемсурет галереясы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, "Ретро-фестиваль" амфитеатры, Көрме павильоны , қаланың кез келген тұсынанан көрінетін "Сағат" стелласы, "Арбат-2" жаяу жүргіншілер алаңы ашылып, облыс жұртшылығының қуанышына айналғалы отыр.

Ендеше, баршаңызды осынау қуанышқа толы облыстың 80 жылдық мерейтойын бірге тамашалап, игі істердің куәсі болуға шақырамыз!


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер