Ақтауда бала күтуші әйелге қалдырылған бір жасар бала көз жұмды

iz.ru iz.ru
Әйелдің пәтері жеке балабақша ретінде тіркелмеген.

Ақтауда балабақшада бір жасар бала көз жұмды. Кейін ол балабақша емес, біреудің жеке үйі екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Үйде отырған әйел адам бала күтуші қызметімен айналысқан. Ол жекеменшік балабақша ретінде тіркелмеген пәтерінде балаларға қараған. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Қайтыс болған балаға қараған күтуші әйел үш бөлмелі пәтерде күйеуі және бес баласымен тұрады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, әйелдің пәтері жеке балабақша ретінде тіркелмеген.

- Әйел сол күні ата-аналардың өтініші бойынша бірнеше балаға қараған. Сол күні, 6 желтоқсанда, қайтыс болған баладан бөлек тағы екі баланы қараған, - дейді қалалық білім бөлімі.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз