Жаңалықтар тізбегі
0

Шыдай алмаймыз! "Алматы су" бастығы ойына келгенін істеп жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 16:31 видеодан кадр
Қызметке кіріскеніне бір ай ғана болған Бұрхан Ысқақ атты азамат ешкімді боқтаған жоқпын деп ат-тонын ала қашты.

"Шаш ал десе, бас алатын" басшыға бұдан әрі шыдамаймыз деп, шыдамның шегіне жеткен бір топ жұмысшы бізге хабарласып, тілшілерден араша сұрады. Айтуларынша, Алматыдағы коммуналдық мекеме басшыларының бірі жұмысшылардың басына әбден әңгір-таяқ ойнатқан. Одан қалса, әр басқан қадамын видеоға түсіріп, есеп беруді талап етіпті. Ал, айтқанына көнбесең, "жұмыстан қуамын" деп қорқытатын көрінеді.

Жұмысшылардың жанайқайына құлақ түріп қайтқан тілшіміз не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Фото-аппаратқа түсірсек қарсы. Видео отчет жасаңдар дейді. Біз көшеде жүріп, видео отчет жасай алмаймыз".


"Алматы су" мекемесіне қарасты Медеу аудандық бөлімінің жаңа басшысы жұмысшыларға жаңа талап орнатыпты. Қарамағындағылардан қайда барып, қайда жүргендерін видеоға түсіріп есеп беруді талап еткен. Айтқанына көніп, дегеніне жүрмегендерді жұмыстан қуатынын айтып, бейәдеп сөздермен балағаттайды екен. Ал жұмысшылар онымен келіспейді. Онсыз да қайда не мақсатпен баратынымыз инженерлер мен диспетчерлерге аян. Ол аздай әр көлікке GPS орнатылған, дейді.

Жомарт Тоқтарбай, "Алматы су" мекемесінің жұмысшысы:

"Бұл кісі жұмыс бабында емес, угрожениемен айналысады да. Сондай-сондай қоқан-лоққы көрсетумен мына жерде жалғыз маған ғана емес, осы жердегі инженерлерге де барлықтарына осындай сөздер айтып неғылып жатыр. Сол бұл кісімен жұмыс істеуге біз қарсымыз. Қарсы боламыз. Бұл кісіні ауыстырсын. Басқа жаққа ауыстыра ма, бізге басқа бастық келсін деп требовать етеміз".


Самат Сәлімбеков, "Алматы су" мекемесінің жұмысшысы:

"Ол видео отчет. Участоктан шыққанымызды, кіргенімізді, қай жерге бардық, не істедік соның барлығын видео съемкамен отчет беріңдер дейді. бермесек обьесниталный жазасыңдар, жұмыстан шығарып жіберемін деді. Бастықтың өзі отыр. Доказательствоның барлығы бар. Аудио записьпен өзі айтқан. Заявление жазасыңдар, жұмыстан шығасыңдар деп".


Алайда, қызметке кіріскеніне бір ай ғана болған Бұрхан Ысқақ атты азамат ешкімді боқтаған жоқпын деп ат-тонын ала қашты. Видеоға түсіру Медеу аудандық әкімдігінің талабы деп ақталды. Дегенмен қызмет бабын асыра пайдаланғанын мойындады.

Бұрхан Ысқақ, "Алматы су" мекемесі Медеу аудандық бөлімінің бастығы:

"Мен енді бейәдеп сөздерді айтқаным туралы маған нақты дәлелдер болсын. Шулағанын мен өз мойныма алмаймын. Өйткені мен ешқайсысын боқтаған жоқпын. Вы понимаете да Диас всех бригадиров, за то что они не отправили фото, или видео с место нахождения объеснительные ол рас алғаным рас оны мен отрицать етпеймін".


Аудандық бөлім қызметкерлерінің жанайқайы мекеме басшыларына да жеткендіктен, алқынып, оқиға орнына олар да жетті. Аудандық филиал басшысын жұмысынан шеттетіп, қызметтік тексеру жүргізетіндерін айтады.

Нұркен Мұратхан, "Алматы су" мекемесінің департамент директоры:

"Бүгінгі болып жатқан жайт бойынша, мынау арыз бойынша қазір бұл участке бастығын уақытша... пока расследование жүргіземіз өзіміздің мекеменің ішінде. Бұл жігітті бүгіннен бастап, расследование біткенше орнынан ығыстырамыз".


Мекеменің қауіпсіздік қызметі қызметтік тереу жүргізіп, бөлім басшысының әркетін майшаммен қарайтынын жеткізді. Егер заңға қайшы әрекеттерге барғаны анықталатын болса жұмыстан да қуылуы ғажап емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: