Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте өркениеттен жұрдай, қараусыз қалған ауыл табылды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 16:35 видеодан кадр
Әлі күнге атауы жоқ делінген көшеге "Жақсылық" деген атау беріліпті.

Атаусыз көше, асфальтсыз жол. Шымкентте өркениеттен жұрдай елді мекен тұрғындары көмек сұрауға мәжбүр. Қарабастау ауылының жұрты көшемізде жарық тартылмай, жол салынбай жатыр деп дабыл қағуда. Соңғы 10 жылдан бері көшеге атау да берілмеген. Соның кесірінен, кей уақытта жедел-жәрдем шақырта алмай, көше кезіп кететін кездері жиі болады екен.

Ал, әкімдік болса, жол мен жарықты кезең-кезеңімен іске асырып жатқанын айтты.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

- Мына көше үнемі осылай болып жатады ма?

Иә, осылай болып жатады. Асфальтталған көшелер жоқ, бәрі осындай ғой.

Анар Үсіпбекова жергілікті компанияның бірінде көше тазалаушы болып істейді. Айтуынша, Қарабастау ауылында жолдар ойқыш-ойқыш күйге түскен. Аяғыңызды аңдап баспасаңыз, сүрініп кетуіңіз әбден мүмкін.

Анар Үсіпбекова, көше тазалаушы:

Осы жақтың көшелерінің бәрі осындай ғой. Асфальт төселмеген.


Қарабастау ауылы қаланың шеткі жағына орналасқан. Бұған дейін Сайрам ауданында, кейіннен Шымкентің территориясына өткен. Тұрғындардың сөзінше, мұндағы кейбір көшеде әлі күнге жол мен жарықтың мәселесі шешілмеген. Салдарынан сабақтан қайтқан оқушылар кешкі уақытта шалшық суға түсіп кетіп, үстерін малмаңдай етіп келетін кездер жиі болады дейді.

Бір қараған жанға елеусіз болып көрінетін бұл көшеге осы уақытқа дейін атау берілмепті. Белгілі бір кісінің есімі берілмегендіктен, осы күні қараусыз қалғандай күй кешіп келеміз дейді тұрғындар. Шымбайға бататыны сол - мұнда асфальт төселмеген, жарық жүргізілмеген. Соның салдарынан кешкісін сабақтан қайтқан оқушылар мынандай ауа-райында үсті-бастары малмаңдай су болып, шалшыққа батып қалатын кездері жиі болады дейді.

Мұхтар Әлжанов, Қарабастау ауылының тұрғыны:

"Жерді қылу керек, өйткені, кішкентай балашағамыз бар. Түнде жарық керек. Түнде бала-шағамыз келеді жолдан қорқып келеді".


Жұмабек Пардабаев, Қарабастау ауылының тұрғыны:

"Қазір, міне жаңбыр жауып тұр, көріп тұрсыздар. Адамның аяғы лай болмаса да, жер тоңып тұр. Ертең жаңбыр жауа бастаған кезде, балалар балшыққа батып, мектепке апару сәл проблема болып тұр".


Ал, осы аумаққа жауапты шенділердің сөзінше, мұндағы бірқатар баспана ауылшаруашылық мақсатында бөлінген жердің үстінде отыр екен. Осы күні жердің пайдалану мақсатын "жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған" деп ауыстыру үшін қала әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылыпты. Жұмыс тобының оң шешімінен кейін, мұнда мемлекет тарапынан ауыз су мен жарық және жол тартылмақшы. Ал, арагідік қос көшелердің қиылысқан жеріндегі тас жолдар келер жылы толық асфальт төселеді. Ол үшін қазынадан қаржы да сұратқанбыз дейді.

Сейдулла Ибишев, Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:

"Соның өзінде біз 11,5 км тас төсеп біттік және Бадам ауылындағы бір көшені асфальттадық. Енді келер жылы масштабный жұмыстар жүрейін деп жатыр. Оның сметалық құжаты дайын.2020 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдры басқармасы тарапынан ұсыныс енгізіледі бюджетке".


Бүгінде Қарабастау ауылында 11 көше бар болса, соның 10-на тас төселген дейді әкімдік қызметкері. Ал, әлі күнге атауы жоқ делінген көшеге "Жақсылық" деген атау беріліпті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: