Президент Шөкеевке бірқатар нақты тапсырма берді

Ақорда Ақорда
Сондай-ақ облыс әкімі 2020 жылдың қазан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысын баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскен.

Сонымен қатар облыс әкімі 2020 жылдың қазан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысы жайында, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз