Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төлене бастайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 17:16 zakon.kz
Ол жасалған қылмыстың санатына байланысты 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін біржолғы төлем түрінде беріледі

2018 жылы "Зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры туралы" заң қабылданып, Қазақстанда қылмыс жасалғанда материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыстың ашылмауына байланысты немесе кінәлі сот төрелігінен қашып жүргендіктен өз шығынын өндіре алмаған адамдарға жедел көмек көрсететін институт құрылды. Мұны елордалық прокуратура еске алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Міне, осы қордан 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төлене бастайды. Ол жасалған қылмыстың санатына байланысты 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін біржолғы төлем түрінде беріледі", - дейді прокуратурадағылар.

Адам жәбірленуші болып таныған күннен бастап 3 жыл ішінде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш түсіруге құқылы.

Мұндай төлемақыны жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмағандар, денсаулығына зиян келген адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстардың құрбандар, азаптау кезінде АИТВ / ЖҚТБ-ны жұқтырғандар; зардап шегуші деп танылған тұлғалар алуға құқылы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: