Ауғанстандағы президент сайлауында Ашраф Ғани жеңіске жетті

rbc.ua rbc.ua
Ауғанстанда президент сайлауы 28 қыркүйекте өткен. Содан бері дауыс санау түрлі кедергіге тап болып келген.

Ауғанстан сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялап, қазіргі ел президенті Ашраф Ғанидің 50,6 пайызбен жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Бұл туралы 22 желтоқсанда Кабулда өткен баспасөз мәслихатында Ауғанстан сайлау комиссиясының төрайымы Хава Алам Нұристани хабарлады.

Ауғанстанда президент сайлауы 28 қыркүйекте өткен. Содан бері дауыс санау түрлі кедергіге тап болып келген.

Нұристанидің сөзінше, Ғанидің басты қарсыласы Абдуллах Абдуллах 39,5 пайыз дауыс алған.

Сайлау комиссиясы қарашада дауыс нәтижесін қайта санауға кіріскенде Абдуллах қарсы болып, бақылаушыларын қатыстырмайтынын айтқан. Қарашада Кабулда Абдуллах жақтастары наразылық шарасын өткізіп, дауысты қайта санауға қарсы шыққан. Оның жақтастары сайлау комиссиясы Ғаниге жақтасады деп санайды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз