Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда сот орындаушысы 2 млн теңге парамен ұсталды

Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды.

Сурет : zakon.kz24 Желтоқсан 2019, 15:21

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қалалық әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Н.Әділов сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп әшкереленген болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер