Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақтөбе облыстық әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оңдасын Оразалин басқарма басшысының жаңа қызметіне табыс тілеп, барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сурет : Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2019, 16:47

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Бұлбұл Елеусінова тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат жиналысында жаңа басшыны тағайындады. 43 жастағы Бұлбұл Елеусінова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін "мұғалім" және "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектептің мұғалімі болып бастаған. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғау және мәдениет бөлімінің бас маманы болды.

Сонымен қатар Қобда ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Оңдасын Оразалин басқарма басшысының жаңа қызметіне табыс тілеп, барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Бұлбұл Елеусінованы басқарма ұжымына таныстырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер