Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Автобус терезесіне бетімен жабысқан бала "Жыл келбеті" атағын иеленді

Көңілді шарада жас талант Ержан Максим да назардан тыс қалмады!

Сурет : ҚазАқпарат24 Желтоқсан 2019, 17:35

"Жыл плагиаты", "Жыл көйлегі" және "Жыл Қайраты" сынды ерекше номинациялармен марапаттайтын "Қызық премия" биыл да өз үздіктерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ревью бағдарламасына сілтеме жасап.

Актриса Гүлназ Жоланова "Осыдан басқа актер жоқ па?" атты номинацияға үміткер еді. Алайда, бұл аталым бойынша Әбунасыр Серіков оқ бойы озық шықты.

"Қызық премия" тек әртістер ғана емес, ғаламтор арқылы танылған жұлдыздарды да ескерген. Олардың ішінде футболдан қазақстан құрамасына арнайы видео түсірген Бексұлтан Закария "Жылдың ең үздік жанкүйері", ал 6-шы автобуста қысылып қалған Ерсін есімді балақай "Жыл келбеті" аталымын еншіледі.

Тәуекел Мүслім "Жылдың ең үздік тойы" аталымын еншіледі.

Ал "Жыл рекорды" - Ерке Есмахан! "Қайда" әнімен 100 млн қаралым жинаған сылқым "Кешью" тобы, тіпті "Азия" мен Бақайдың өзіне шаң қаптырды.

Көңілді шарада жас талант Ержан Максим да назардан тыс қалмады! Шетелдік әнбайқауларда әрдайым күміс жүлдені иемденіп жүрген өнерпаз, "Жылдың ең үздік екінші орны" марапатын алып қайтты.

Желі жұлдыздары арасынан, заң туралы түрлі блогтар таспалап жүрген Руслан Жанпейісов "Желідегі құқық қорғаушы" атанса, өзі қызмет ететін компанияны орысша жарнамалаймын деп, тілі келмей әбден әбігерге түскен Шыңғыс Елемес "Жаным қиналмашы" марапатын алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер