Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Самұрық-Қазына" мен АХҚО ынтымақтастықты дамытады

"Самұрық-Қазына" мен АХҚО серіктестігі қаржы орталығы құрылған сәттен бастап тұрақты сипатқа ие.

Сурет : -25 Желтоқсан 2019, 09:00

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов Қор акцияларын "Астана" Халықаралық Қаржы орталығының биржасына орналастыру жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

"Самұрық-Қазына" басшысы атап өткендей, 2020 жылдағы бірлескен басты міндет - жекешелендіру бағдарламасы аясында ірі портфельдік компаниялар, атап айтқанда, "Эйр Астана" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Казахтелеком" АҚ акцияларын IPO/SPO-ға шығару.

- Өткен жылы "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын орналастыру кезінде сатылған акциялардың 85%-ы Лондон биржасында, 15%-ы АХҚО биржасында орналастырылды. Осы жылы акциялардың жартысынан астамы АХҚО-да сәтті орналастырылды,- деді кездесу барысында Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Қайрат Келімбетов Қаржы орталығы "Самұрық-Қазына" қорымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытатынын айтты.

- "Самұрық-Қазына" мен АХҚО серіктестігі қаржы орталығы құрылған сәттен бастап тұрақты сипатқа ие. 2020 жылы біз "Самұрық-Қазына" мен АХҚО арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығаруды көздеп отырмыз,-дейді Келімбетов.

Айта кетейік, Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қорды жекешелендіру бағдарламасы 2023 жылға жоспарланып отырған "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының IPO-ға шығуымен аяқталмақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер