Жаңалықтар тізбегі
0

Бельгия соты Қазақстаннан мемлекеттік активтерді өндіріп алғалы жатқан жоқ - Әділет министрлігі

mail.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 17:29 mail.kz
Бельгияда да, сол секілді басқа елдерде де болған барлық сот процестері кезінде Статидің алаяқтық жолмен шығартқан төрелік шешімдері бойынша оған бір де бір теңге ақша төленген жоқ.

ҚР Әділет министрлігі Бельгия соты Қазақстаннан 540 миллион доллар болатын мемлекеттік активті өндіріп алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Осы аптада бірқатар электронды БАҚ беттерінде шындыққа жанаспайтын ақпарат жарияланды. Атап айтқанда,"«Бельгия соты молдовалық олигарх Анатол Статидің пайдасына Қазақстаннан 540 миллион долларға мемлекеттік активтерді өндіріп алды" деген ақпарат тарады. Іс жүзінде, бірінші инстанциядағы сот Бельгия Корольдігі территориясында төрелік шешімді мойындау мәселесін қарастырған. Төрелік шешім бойынша қандай да бір сомадағы ақшаны өндіру бұл сот ісінде қарастырылмаған, деп хабарлады Әділет министрлігі.

Ақша өндіру мәселесі де кіретін төрелік шешімді орындайтын сот процесі Бельгияның апелляциялық сотының құзырына кіреді. Ал бұл сот 2019 жылдың 3 желтоқсанында Статидің алаяқтық әрекеттерінің жаңа дәлелдерін сот құжатына қосу туралы шешім қабылдады және тараптарға жаңа айғақтар бойынша қосымша меморандумдар ұсынуды тапсырды. Осыған байланысты Бельгияның апелляциялық соты іс тыңдалымын 2020 жылдың желтоқсанына дейін кейінге шегерді.

Бұрын хабарланғандай, Стати Англиядағы сот ісінен бас тартқан. Өйткені Жоғарғы соттың судьясы төрелік шешім алаяқтық жолмен қабылданғанына "жеткілікті сенімді дәлелдер" бар деген қорытындыға келіп, қайтадан толықтай сот отырысын өткізуге бұйрық берген. Жақында, Стати Нью-Йорктегі сот отырысына қатысудан да бас тартты, онда да оның заңсыз әрекеттерінің беті ашылды.

Сонымен бірге, Қазақстан төрелік сот талқысы кезінде Стати тарапының фактілерді бұрмалауға байланысты жаңа деректерді, сондай-ақ олардың бүкіл әлемдегі елде, оның ішінде Қазақстанда да шенеуніктерге жүйелі түрде пара беру фактілерін анықтады. Бұл құқық бұзушылықтар жақында Швецияның сот органдарына төрелік шешімді жарамсыз деп тану туралы жаңа талапқа байланысты дәлел ретінде ұсынылды.

Бельгияда да, сол секілді басқа елдерде де болған барлық сот процестері кезінде Статидің алаяқтық жолмен шығартқан төрелік шешімдері бойынша оған бір де бір теңге ақша төленген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: