Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген әлемдегі ең мықты әнші ретінде мойындалды

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 20:23 Instagram
Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық әнші ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский мен француз әншісі Лара Фабианға жол беріп, өз номинациясында ІІІ-орынға ие болды.

Димаш Құдайберген Adagio World тағайындаған халықаралық сыйлық - "Әлемдегі ең үздік ән орындаушы" аталымының үштігіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық әнші ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский мен француз әншісі Лара Фабианға жол беріп, өз номинациясында ІІІ-орынға ие болды. Сергей Дудинскийге - 414 мың, Лара Фабианға - 408 мың, Димашқа - 402 мың адам дауыс берген.

Adagio World Award жеңімпазы 100 мың еуро көлемінде сыйлық алады немесе Еуропа мен АҚШ-тағы ән жазатын компаниямен және продюсерлік орталықпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа ие болады. Марапаттау рәсімі Парижде өтеді.

Айта кету керек, Димаш дауыс беру кезеңінде ұзақ уақыт бойына бірінші келе жатқан, бірақ ресейлік әнші Сергей Дудинскийдің жанкүйерлері өзінің кумирін шешуші сәтте І-орынға шығарып жіберді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: