Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Жазалайды!". Көріпкел Бақыт Жұматова келер жылға қатысты болжамымен бөлісті

2020 жыл – не еккенін оратын жыл, осыған байланысты елімізде бидай бітік өсіп, көп көлемде астық жиналады, мал шаруашылығы да жақсы дамиды. Бірақ жұмыс жасамайтындарға түк жоқ, аш қалады.

Сурет : видеодан алынды25 Желтоқсан 2019, 17:19

Келесі 2020 жыл шығыс жұлдыз жорамалы бойынша Ақ металл түстес тышқан немесе егеуқұйрық белгісімен белгіленген. Астрологтар жұмыскер, талмай еңбек қылатын адамдар үшін келесі жыл керемет болады, ал жалқаулар, керісінше қиындыққа тап болады деп бірауыздан болжам айтуда. Ал алдағы 12 айды көріпкелдер қалай бағамдайды? Zakon.kz тілшісі "Битва экстрасенсов" ресейлік тележобасының 7-ші көрсетілімінің жеңімпазы, Қазақстан мен Ресейдің ең мықты көріпкелдерінің бірі Бақыт Жұматованы сөзге тартқан еді.

Ол жалпы жаңа жылдың біздің еліміз үшін қолайлы болатынын болжайды, бірақ ескеретін бірнеше мынандай маңызды сәттер барын да баса айтты.

- 2020 жыл – бас кесетін жазалаушы сияқты, яғни бұл жылы әркім өз ісіне лайықты жазасын немесе марапатын алады. Мысалы, егер кісі өлтірсе, онда ол да өледі дегендей, бұл жазаны орындаушы жыл ғой өйткені - дейді ол.

2020 жыл – не еккенін оратын жыл, осыған байланысты елімізде бидай бітік өсіп, көп көлемде астық жиналады, мал шаруашылығы да жақсы дамиды. Бірақ жұмыс жасамайтындарға түк жоқ, аш қалады.

Қазақстанға қатысты ол көптеген салаларда даму болатынын болжап, әлемнің барлық елдерімен жылы қарым-қатынас ұстап, тасымал саласы жақсы дамиды деп күтеді.

- Құрылыс көп болады, басталған нысандар құрылысы аяқталады. Осы жылы тағы бір сайлау болады, саяси тұрғыдан алғанда, жаңа саясаттанушылар пайда болады, ел арасынан жас саясаткерлер шығады, айтпақшы, мен соғысты көріп тұрғаным жоқ. 2024 жылға дейін тыныш ұйықтауға болады. Қазақ тілі байлығын қайтып аламыз, аудармашылар, лингвистер, филологтар үшін көп жұмыс болады, - деді көріпкел.

Сонымен қатар, Бақыт Жұматова Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі, өзге де жерлердегі емдік бұлақтар басынан көп туристерді көретінін айтады.

Әлемдік оқиғалар туралы айтар болсақ, Бақыт Жұматова әлемнің көптеген елінде президенттердің ауысуын, ал Қазақстанда – кадрлық ауыс-түйістің әлі жалғасатынын көріп, болжайды.

- Су тасқыны, өрт, табиғи апаттар, нөсер жаңбыр және жер сілкінісі көп болады, шығыста - бізде, негізінен Алтайда болады. Әрине, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан жағы да мені қатты мазалайды. Экстремистер тарапынан қауіп бар, - дейді Бақыт Жұматова.

Музыка және спорт әлемі, мәдениет, сән саласында, көріпкелдің болжамында, әріптестік пен тығыз байланыстар өседі.

- Байқоңыр дами түседі. Қайда екенін әлі білмеймін, бірақ бізде жаңа ұшу аймағы болады, менің ойымша, Семейде болуы мүмкін, әйтеуір бірнәрсе пайда болады онда. Жапондықтар көп болады. Менің балалық шағымда жапон ыдыс-аяқтары көп болатын, содан кейін бәрін Қытай жаулап алды, ал қазір Жапония біздің нарыққа оралып жатыр, көптеген жапон тауарлары, құрал-жабдықтары болады, салыстырмалы түрде бағасы арзан, әрине бәрінен осы арасы қызық, - деді Жұматова.

Сондай-ақ, ол Алматының әлі де еліміздің мәдени, спорт, қаржы орталығы болып қала беретінін, мұндағы өмір ию-қию жалғасып жататынын болжайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер