Жаңалықтар тізбегі
0

Тасмағамбетов тергеліп жатыр деген ақпарат жоққа шықты

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 17:01 facebook.com
Құрманғали Тасмағамбетов тергеуге шақырылмаған.

2019 жылдың 19 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпараттық хабарлама таратқан.

20 желтоқсанда Skifnews.kz және Nege.kz басылымдары бұл істің аясында Иманғали Тасмағамбетовтың туған бауыры – облыстық Кіріс департаменті басшысының орынбасары Құрманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов тергеуге әкелінді деген жаңалық шығарды.

Алайда zakon.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты жемқорлық қалмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол облыстық МКД-нің жанама салықтар жөніндегі басқармасы басшысынан қызметте өсіруге, жалпы қолдау көрсету уәдесі үшін талап еткен 10 мың доллар параның 3 мың долларын алған деген күдікке ілінді – делінген Агенттіктің 19 желтоқсандағы хабарламасында.

Келесі күні Skifnews.kz және Nege.kz сайты "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу тобы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғ.Досмағамбетовті және департаменттің аудит басқармасының басшысы А.Абдрахмановты ұстады. Олардың мекен-жайына, жұмыс орнына тінту жүргізген. Оған қоса, Атырау облыстық Кіріс департаменті басшысының орынбасары Құрманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті тергеуге әкелген. Қазір жедел тергеу шаралары әлі жүріп жатыр. Жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да белгілі болды", деп жазды.

Алайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті жоғарыда аталған адамдарға қатысты ешқандай қылмыстық істі тіркемегенін мәлімдеді.

- Департаментте жолданған сауалда аты аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелмегенін, оларға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілмегенін хабарлаймыз, - делінеді Департамент басшысының орынбасары Б.Ұзынжастың қолы қойылған ресми жауапта.

Құрманғали Тасмағамбетов биыл 24 мамырда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: